«Пушкиниана» әлемдік картасында Қазақстан да ерекше орын алады. Себебі 1833 жылы Александр Пушкин Пугачев көтерілісімен байланысты жерлерді аралап, «Пугачев көтерілісі тарихы» және «Капитан қызы» романдарына материал жинаған. Сонымен қатар Алматыда әлемге белгілі пушкинтанушы (пушкинист) Николай Раевский өмір сүріп, еңбек еткен, оның ғылыми-әдеби пушкинианасы әдебиет әлемінде жоғары бағаланды.
Фатима Оразбекова «Пушкин және Қазақстан» тақырыбының зерттеу дәстүрін жалғастырып, оқырмандарға мұрағаттық мәліметтер, ақынның хаттары, замандастарының естеліктері, сондай ақ ғылыми және әдеби дереккөздерден алынған бай материалдарды ұсынады. Еңбек негізгі 9 бөлімнен тұрады. Пушкин Қазақстан тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алады. Оның есімі алғаш рет Абай Құнанбаевтың (1845–1904) еңбектерінде жазылып, ақын халықты А.С.Пушкиннің поэзиясымен және «Евгений Онегин» романымен таныстырды.
Бүкіл Шығыс елдерінен Абай алғашқы болып Пушкиннің шығармаларын өз тіліне аударған. Кейбір өлеңдері музыкаға икемделіп, ақын өмір сүрген кезде «Татьянаның әні» халық арасында кең танымал болып, халықтың сүйікті әндерінің біріне айналды. Фатима Оразбекованың кітабына белгілі Казақстан пушкинтанушылары өз бағаларын берді.
Автор кең көлемді әдеби және ғылыми материалдарды мұқият зерттеп, Пушкиннің өзінен, оның заманындағы тұлғалардан және орыс мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілдерінен естеліктер мен деректерді, сондай ақ монографиялар мен арнайы басылымдардағы аз белгілі ғылыми фактілерді келтірген. Осы еңбекте автордың А.С.Пушкин мен оның шығармашылығы жайлы соңғы жиырма жыл ішінде «Казахстанская правда», республикалық журналдар және облыстық газеттерде жарияланған мақалалары қолданылған.
Сонымен қатар, кейбір мақалалары авторлық кітаптарға енген: «В ореоле культуры» (2017), «Художественная литература в мире искусств» (2019), «Абай – духовный символ казахской степи» (2020), тағы басқа да кейбір мақалалары ағылшын тіліне аударылған. Фатима Оразбекованың бұл кітабы пушкинтану саласына қосылған зор әдеби үлес болып табылады және әдебиеттанушы, өнертанушы, педагогтер, сондай-ақ Пушкин шығармашылығына қызығатын оқырмандар мен жастар тарапынан зор қызығушылық тудырады.
Азамат ЖАҚЫПБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




