Жамбыл облысында тактикалық көпсайыстан республикалық турнир өтті
- author «Ақ жол»
- 11 маусым, 2025
- 1.3k
Турнир облыстық полиция департаментінің Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы оқу-жаттығу полигонының базасында ұйымдастырылды.Төрт күнге созылған тартысты бәсеке барысында еліміздің барлық аймақтарынан келген 19 команда төтенше және сын-тегеурінді жағдайларға тән нақты жағдайларға барынша жақын бірқатар сынақтардан өтті.
Полицейлер іс-әрекеттің әсерлі үйлесімділігін, әртүрлі қару-жарақтардан дәл ату бойынша кәсіби дағдыларын, төзімділік пен жоғары моральдық-психологиялық дайындықтарын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Ұлытау облысы полиция департаментінің командасы иеленді. Жеңіс тұғырының екінші сатысына Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері табан тіреді. Жамбыл облысы полиция департаментінің командасы арнайы мақсаттағы бөліністер арасындағы тактикалық көпсайыстан республикалық турнирдің чемпиондары атанды. Оларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Ауыспалы кубогы табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Алты ауылда мыңнан астам жұмыс орны ашылған
- 11 ақпан, 2026
ЖИ мен адам арасындағы байланыс бәсеке емес, серіктестік
- 10 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




