
Облысымыздан іріктеліп үздік 100 студент қатарына енді. Бұл байқауға республикадан 2 600 студент қатысқан. Нұрсұлтан – көпбалалы отбасынан шыққан перзент. Өзі үйінің кенжесі. Оқу үлгерімі мен қоғамдық жұмыстарға белсенді жас байқаудың үш кезеңінен де сүрінбей өткен.
– «Ер жігітке жарасар, қолына алған найзасы, би жігітке жарасар, еліне тиген пайдасы» деп Бұқар жырау бабамыз текке айтпаса керек.
Бүгінде жанымызға найзаны серік етпесек те, еліміздің намысын ту қылып ұстап жүрген намысты ұлдың бірімін деп санаймын. Жігіттің бойынан еңбекқорлық, жауапкершілік пен шыдамдылық сынды қасиеттер табылуы тиіс деп білемін. Байқауға жетекші ұстазым екеуміз бірге дайындалдық.
Бірінші кезеңде ағылшын тілі пәніне оқып жатқандықтан осы мамандықты дәріптеу туралы бейнеролик дайындадым.
Екінші кезеңде «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында эссе жаздым, үшінші кезеңде өңірімізге мамандықтың әкелер пайдасы туралы жоба жасадым. Еңбек қана ер адамның еңсесін тіктеп, асығын алшысынан түсіреді. Ал шыдамдылық қай сәтте де қиындықты көтергенде қара нардай қайыспай, қарсы келген кедергіге төтеп бере алуға септеседі. Отбасымызда бес бала.
Әкеміз өмірден ерте озды. Ерте бастан жауапкершілік дегенді сезініп өстік. Жауапкершіліктің жүгі ауыр. Бұл сөздің үдесінен жігіттің жақсысы ғана шыға алады. «Болмасаң да ұқсап бақ», – деп Абай атамыз айтпақшы, осы қасиеттердің үдесінен шығуға тырысып бағамын және замандастарымның бойынан да осы қасиеттер табылғанын қалаймын, – дейді ол. Нұрсұлтанның жетекшісі, бағыт-бағдар беруші, әрқашан жол көрсетуші ұстазы – Мариям Тойынбекова. Еңбек өтілі 15 жылдан асқан педагог талай шәкірттің бағын ашқан.
– Еліміздің болашағы – интеллектуалды, білімді, заманауи жастардың қолында. Олардың сапалы білім алып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасулары – мемлекет назарындағы басты мәселе.
Бүгінде техникалық мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғайып келеді, студенттердің шәкіртақысы екі есеге артты. Менің шәкіртім сенімді ақтады. Кәсіпті игерген адам – бақытын табады. Көптің ішінен суырылып шығу деген екінің біріне бұйырмайтын бақыт, – деді ұстазы Мариям Сұлтанахметқызы.
Байқау жеңімпаздарының бірі – Нұрсұлтан Жұмасилдің есімі «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» деректер базасына енгізіліп, жұмысқа орналасу үшін арнайы сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар оған үздік жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетілетін болады.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді