Конституциямен баянды етілген адамның құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету үшін еліміздің заңнамалары үнемі жетілдіріліп келеді. Соның ішінде даулар бойынша, тиімді және әділ шешімге азаматтардың қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін дауды шешудің әртүрлі баламалы жолдары сот саласында да үнемі жетілдіріліп келеді. Бұның дәлелі Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 28 қантар 2011 жылы қабылдануы.
Медиация дегеніміз тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.
Дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету медиацияның мақсаттары болып табылады.
Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден - бір жолы, яғни тарапты негізінде жүргізілген келіссөз, екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады.
Қазіргі таңда, әлемдегі мемлекеттерде медиация институтының өміршеңдігі негізінде көптеген даулы мәселелердің бітімге келу арқылы оң шешімдерді тауып жатқаны анық.
Р.К.Ясарова,
Жамбыл облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының судьясы
Ұқсас жаңалықтар
Жұрттың бәрі жүгері егуге жүгіруі мүмкін
- 2 сәуір, 2026
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




