
Университет құрамындағы алты кафедра – әрқайсысы өз саласында терең білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, болашақ инженерлер мен кәсіпкерлерге сенімді жол сілтейтін орталықтар. Бағдарламалық инженерия кафедрасы цифрлық дәуір талабына сай IT саласының әртүрлі бағыттарында мамандар даярлайды. Мұнда жасанды интеллект, мәліметтер қоры, киберқауіпсіздік, интерфейстерді жобалау сияқты заманауи технологиялар оқытылады.
Студенттер нақты жобалармен жұмыс істеп, стартаптарға қатысып, кәсіпкерлік негіздерін меңгереді. Көптеген түлектер оқу кезінде-ақ табысты жобаларға жетекшілік етіп, өз кәсібін ашып үлгеруде. Университет олимпиадалар мен байқаулар өткізу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, дарынды жастарды қолдайды. Жоғары деңгейдегі пәндік олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға оқу ақысына қосымша шегерімдер қарастырылып, олар автоматты түрде жеңілдікті негізде қабылдана алады. Сонымен қатар, студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелдік серіктес университеттерде семестрлік білім алу мүмкіндігіне ие. METU студенттеріне халықаралық тағылымдамалар, практикалық жобалар мен ғылыми конференцияларға қатысу мүмкіндіктері кеңінен ашық.
Оқу ғимараттары мен зертханалар соңғы талаптарға сай жабдықталған. Жаңа технологиямен жабдықталған IT орталықтар, жоғары жылдамдықты интернет, қауіпсіздік жүйелерімен қамтылған STUDHOUSE жатақханасы, фитнес залы мен спорттық кешендер – осының барлығы жастардың сапалы білім алып, жеке дамуына толық жағдай жасайды. Университет аумағындағы студенттік клубтар, олимпиадалар, ғылыми конференциялар, мәдени және спорттық шаралар – бұл ортада әрбір студент өз әлеуетін ашып, белсенді қоғам мүшесі ретінде қалыптаса алады. Бұл ғылым мен техникаға құштар жастар үшін болашаққа апарар нақты қадам.
Жарылқасын ЖАППАСОВ,
тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасының меңгерушісі.
Айкена ТАСИЛОВА,
педагогика ғылымдарының магистрі,
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасының оқытушысы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді