
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік рәміздерді танып, қадірлейтін жастар қатары көбейіп келеді. Жас ұрпақ туған күнінен бастап патриоттық сезіммен тәрбиеленіп жатыр десек, артық айтқандық емес. Желбіреген көк Туымызды көрген бүлдіршіндердің көзінен қуаныш ұшқынын байқаймыз. Тілі енді шығып келе жатқан балдырғандардың өзі Әнұранымызды жатқа айтып, шырқап жүргені – еліміздің болашағы жарқын екенінің белгісі.
Рәміздер – ұлтымыздың айнасы, халқымыздың рухы. Қазақстанның жас ұрпағы бүгінде еліміздің өркендеуі үшін аянбай еңбек етуде. Әлемдік додаларда көк Туымызды биікке көтеріп, Әнұранымызды шетел төрінде шырқатып жүрген спортшыларымыз – сол жастардың жарқын үлгісі. Бұл әрбір қазақстандықтың жүрегін мақтаныш пен қуанышқа бөлейтін сәттер.
Жастар – ел ертеңі. Олар Елтаңба сынды нышандарға қарап бой түзейді, тәуелсіздіктің қадірін терең түсінуге тырысады. Мектеп оқушыларынан бастап, университет студенттеріне дейінгі жастар Елтаңбаның мағынасын ұғып, оны ұлықтауға ынта танытып келеді. Бұл ұрпақ бойындағы елдік сана мен патриоттық рухтың жоғары екенінің көрінісі.
Жалпы айтқанда, мемлекеттік рәміздер – жастарымызға рух пен патриоттық сезім сыйлайтын ерекше символдар. Еліміз әрдайым рәміздерімізге құрметпен қараған, ал сол құрметтің жалғасын табуы – тәуелсіздігіміздің берік тұғыры болмақ. Егер осы рух пен сенімді жастар бойында сақтап қалсақ, еліміздің болашағы да жарқын болары анық.
Азамат ЖАҚЫПБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті конвергентті журналистика мамандығының 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді