
Әз пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл туралы: «Пайғамбарлар аналары бөлек, бірақ әкесі бір бауырлар секілді», – деп, елші-пайғамбарлар діні (ақидасы, сенімі) бір, ал шариғаты заманына сай әртүрлі болғандығын жеткізген. Сол себепті Ибраһимнің (ғ.с.) сүннеті бізге де жат емес. Шын мәнінде, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарға біздер, мұсылмандар жақынырақпыз. Қасиетті Құран Кәрімде: «Ақиқатында, адамдардан Ибраһимге сай, ең жақыны – оған ергендер әрі осы пайғамбар (Мұхаммед) және имандылар (мұсылмандар). Ал, Алла – имандылардың Қамқоршысы», – деп баяндалған (Әли Имран сүресі, 68-аят).
Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал «ұдһия» деп аталады. Зүлхиджә айының 9-ы – Арапа. Бұл күнді қажылар арапа жазығында күн батқанша құлшылық етумен және дұға-тілек жасаумен өткізеді. Ал, қажылыққа шықпаған мұсылмандарға арапа күні ораза тұтуы – сүннет. Әбу Қатада (р.а.): «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат болады...» – деп риуаят еткен.
Бұл хадистен арапа оразасы өткен жылы жасалған қате-кемшіліктердің кешірілуіне себепші болатынын айқын аңғарамыз. Сонымен қатар, ауыз бекіткен пенде мен оның келер жылдың қате-кемшіліктері арасында тосқауыл болады дегенді білдіреді. Бара бин Азиб (р.а.): «Бұл күні біз ең әуелі намаз оқудан бастаймыз. Сосын (үйге) қайтып, құрбандық шаламыз. Кімде-кім осылай етсе, біздің сүннетімізге сай амал еткені. Ал, кімде-кім (намаздан) алдын құрбандық шалса, ол бала шағасына арнап сойған мал еті болып, құлшылыққа (құрбандыққа) жатпайды», – деген риуаят жеткізген.
Ержан АМАНБАЕВ,
Тараз қаласының бас имамы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді