«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Декларация тапсырдыңыз ба?

Декларация тапсырдыңыз ба?
Автор
2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы мемлекеттік кірістер органдарына кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті. Енді жалпыға бірдей декларациялау бюджет қызметкерлеріне – мұғалімдерге, дәрігерлерге, спорт және мәдениет, сондай-ақ квазимемлекеттік және ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты болады.

Мәліметтерді уақытылы ұсынбағандарға әкімшілік айыппұл салынады. Декларацияны қағаз түрінде 15 шілдеге дейін, электронды түрде 15 қыркүйекке дейін тапсыру керек. Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты – көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған санаттағы адамдар Қаржы министрлігі бекіткен 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ғана ұсынады. 250-нысанды декларация бұл бастапқы декларация. Игілігіңізде бар барлық мүлік пен ақша осы декларацияға бекітілуі керек. Бұл мәліметтердің бәрі кейіннен қажет болады. Мәселен, ертең автокөлік сатып алғанда мемлекет «қандай ақшаға сатып алдыңыз, оны қайдан алдыңыз?» деп сұрайды.

Егер сіз қазір растайтын болсаңыз, яғни сізде бірінші декларацияны тапсыру кезінде осындай сомаға мүлік тіркелген болса, онда сіз бұл ақшаның қайдан келгенін дәлелдей аласыз. Егер ақшаның қайдан келгенін дәлелдей алмаса, он да соманың 10 пайызын төлеуге тура келеді. 250-нысанның декларациясы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген күнге барлық активтер мен міндеттемелерді тіркеуге арналған болса, 270-нысанның декларациясында өткен күнтізбелік жылдың мәліметтерін көрсету қажет. Онда өткен жылы не сатып алынғанын және не иеліктен шығарылғанын көрсету маңызды.

Бірінші жылы яғни, кіру декларациясына не тапсырасыз? Бұл жөнінде облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлнұр Абдалиева айтты.

– Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі яғни шетелдегі жылжымайтын мүлік, жер учаскеңіз болса, әуе, теңіз кемелеріңіз және көлік құралдары, техника, шетелдік банктерде айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақшаңыз болса, осыларды көрсетіп декларация тапсырасыз. Жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша, дара кәсіппен, жеке практикамен айналысатындар декларацияны орналасқан жері бойынша тапсырады. Электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер кабинетінің web-порталы, электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ «E-Salyq Azamat» және «eGov. kz» мобильді қосымшалары арқылы тапсыра аласыз. Қағаз түрінде мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен не тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі, – дейді ол.

Ал осы 2025 жылдан бастап нақты меншігіңізде не бар, үй ме, көлік пе, кіріс пен шығыс, табыс, әлеуметтік жәрдем бәрін көрсетіп тұрып 270-нысан бойынша тапсырасыз. 270-нысанның декларациясында өткен күнтізбелік жылдың мәліметтерін көрсету қажет. Онда өткен жылы не сатып алынғанын және не иеліктен шығарылғанын көрсету маңызды. Жоғарыда айтқанымыздай, декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет ескерту беріледі. Ал екінші ретін де 15 айлық есептік көрсеткіш, толық емес мәліметтерді көр сеткені үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды.

– 250-нысандағы дек ларация жалпыға бірдей деклара циялау жүйесіне кірген күнге жи нақталған активтер мен міндет темелерді тіркеуге арналған. Декларацияны 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тапсыруға мін детті адамдар онда 2024 жыл ғы 31 желтоқсандағы жағ дай бо йынша барлық мәлі метті көр сетуі қажет. Яғни онда осы күн ге дейін алынған мүлік пен мін дет темелер кіріс декларациясында жариялануы керек. Сонымен 250-нысандағы декларацияда қандай мәліметтер көрсетіле ді? Біріншіден, мұнда Қазақстаннан тыс жерлердегі мүліктер көрсетілуі керек. Оларға жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, «өзен-теңіз» жүзу кемелері, көлік құралдары, арнайы техника және тіркемелер, елден тыс жерлердегі шетелдік банктердегі есеп-шоттардағы ақша, елден тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі жатады, – дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлнұр Абдалиева .

Декларацияда Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі мүліктер көрсетілуі керек. Бұған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлес, бағалы қағаз дар, туынды қаржы құралдары, инвес тициялық алтын, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері, қолма-қол ақша, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі және жеке тұлғаның бас қа тұлғалар алдындағы берешегі жатады. Сондай ақ декларацияда сенімгерлік басқаруға берілген мүлік көрсетіледі. 2025 жылғы 1 қаңтардан декларациялаудың төртінші кезеңі енгізіліп, заңды тұлғалар дың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайы декларациялауға жатады.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

Ұқсас жаңалықтар