«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ертегі кейіпкерлерімен ерекшеленген шаттық шеруі

Ертегі кейіпкерлерімен ерекшеленген шаттық шеруі
Автор
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Кітап – білім кілті, бала – болашақ үміті» кітап кейіпкерлерінің шеруі өтті.

Балаларға шын көңілден шаттық сыйлап, мерекеге жақсы көңіл - күй керек екенін балаларға ұғындыруды мақсат етіп, ашық аспан астында ерекше форматта ұйымдастырылған шараға қала қонақтары, саябақта қыдырып жүрген балалар қатысты. Алаңда ертегі кейіпкерлері жұмбақтар ойынын, интерактивті, ұлттық ойындар ойнатып, балалар әдебиетінің кейіпкерлерінің шеруі жиналғандарға жағымды әсер сыйлады.

Іс-шара аясында түрлі жанрдағы ертегі кітап көрмелері мен ерекше кітап инсталляциялары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар келушілер тек кітаптармен танысып қана қоймай, рухани дүниені байытар мазмұнды бағдарламаның куәсі болды. Кітап көрмесіне балалардың қызығушылығын тудыратын қазақ және шетел ертегілері мен танымдық энциклопедиялар қойылды.

Іс-шара барысында «Сәйгүлік», «Болашағы біз елдің», «Жаса, елім» және басқа да рухты әндер шырқалып, көңіл сергітер «Қимақ», «Кім ұшты?», «Доп лақтыру», «Қол шатыр», «Ойлан тап» викториналық ойындары ойнатылды. Іс-шара Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында жұмыс істейтін балалар шығармашылығы үйірмелерінің қатысуымен өтті.

«Толыбаев», «Биналиева Т.М.», «Әбдіқалық», «Бастау-М», «М-арт» жеке кәсіпкерліктері, «Ерке» «Smart» және «Қарақат» шығармашылық орталықтары өнер көрсетті.

Белсене қатысқан өнерпаздарға Алғыс хат беріліп, оқырмандарға сыйлықтар таратылды.

 

Аружан СҰЛТАНОВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар