
Жалпы, елімізде 12 мыңнан аса омарташы бар. Олар 600 мыңнан аса ара ұясын ұстап отыр. Жылына шамамен 5 мың тоннадан өнім жинайды. Шетелге 450 тонна өнім экспортталады. Негізгі экспортталушы елдер қатарында Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірлігі мен Қытай Республикасы бар. Енді Еуропа елдеріне экспорттау жоспарлануда. Ал ара өсірумен Жамбыл облысында 500-ден аса омарташы айналысуда.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жұмысшы мамандықтарымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында ара және балық шаруашылығын дамыту қажеттігін сөз еткен болатын. Осының аясында омарташыларға да елеулі көңіл бөлінуде. Елімізде ара шаруашылығы соңғы жылдары жақсы жолға қойылып келеді. Әсіресе бұл кәсіп жастар арасында қолдау табуда. Мемлекет тарапынан жас омарташыларға субсидия да бөлінуде. Еліміз бойынша омарташылықпен айналысатын өңірлер қатарында Жамбыл облысы бар. Ал облыс аудандарының қатарында Меркі омарташылары алдыңғы орында. Біз қазір ондағы Қарақоңыз шатқалында отырған «Байжігітов», «Манапов» және «Асқаров» жеке кәсіпкерлік нысандарымен бірлесе жұмыс істеудеміз. Онда шамамен 15 омарташы жұмыс істейді. Меркі ауданында жасаған зерттеулер аясында біз араның қазақстандық жаңа түрін шығарудамыз. Жергілікті табиғатқа бейімделген «Асыл ара», яғни қазақстандық типті ара буданын айналымға енгізуге дайынбыз, – дейді ол.
Форумды жиын модераторы, омарташы, ғалым Олег Крупский ашып, жүргізді. Жиын аясында жас омарташыларға бағыт-бағдар берілді. Мінбеге көтерілген баяндамашылар ара өсірудің сан түрлі технологиясымен, бұл саланы жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қаралған жобалармен бөлісіп, келелі әңгіме өткізді. Форум модераторлары тарапынан жақсы жұмыс көрсете алған омарташылар арнайы марапаттармен марапатталды. Сондай-ақ омарташылар жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
ІТ мамандығына қызығатын жастарға бағыт-бағдар береді
- 3 шілде, 2025
Айран-сүттің бұлағы болып отыр
- 3 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді