60 млн теңге: «Тараз» футбол клубы инвестор есебінен жаңа спорттық жейделер жиынтығын алды
- author «Ақ жол»
- 31 мамыр, 2025
- 388

«Тараз-2012» және «Тараз-2013» командаларына «Jako» брендінің спорттық киімдер жиынтығы (жаттығу және ойын жейделері, спортивка, сөмке, т.б.) табысталды.
Қазіргі кезде 2012 жылы туған жасөспірімдер командасында 44 бала, ал 2013 жылы дүниеге келген жасөспірімдер командасында 35 бала бар.
Жалпы «Тараз» футбол орталығында жас ерекшелігіне байланысты 11 санатта командалар жаттығады. Оның үшеуі QJ League чемпионатына, басқалары ел біріншілігіне қатысуда. Сонымен қатар, екі қыздар командасы жұмыс жасайды.
Футбол клубының басшысы Мұрат Агибаев кезең-кезеңімен өзге санаттағы командалар да жаңа спорттық киімдер жиынтығымен қамтылатынын айтты.
Айта кетейік, футбол орталығын толық қамту үшін жалпы көлемі 60 млн теңге жұмсалды. Бұл сома клубқа тартылған инвестор есебінен жүргізілді.
Сонымен қатар, орталық жасөспірімдеріне арнайы спорттық дәрі-дәрмектер мен дәрумендер алынуда. Оған қажетті қаражат клуб серіктесі «Cambridge lain Taraz» жеке мектебінің есебінен болмақ.
Бүгінде футбол орталығында бас-аяғы 329 адам болса, оның ішінде 94 бала QJ League ойындарына қатысады. Ал қыздар саны – 36.
Айта кетейік, жуырда «Таразда» жаңа басшы тағайындалған болатын. Бұған дейін клубтың баспасөз қызметі командаға инвестор тартылып, бірқатар демеушілер мен серіктестер болатынын хабарлаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?
- Бүгін, 09:47
250 млн теңге: интернет-алаяқтық схемасы әшкереленді
- Бүгін, 09:33
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді