
Ақын мұрасын насихаттаған байқау «Өнерпаз болсаң, арқалан», «Көңілім әнді ұғады», «Қазақта қарасөзге дес бермедім», «Ұстаздық еткен жалықпас», «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», «Мен бір жұмбақ адаммын» атты 6 бағыт бойынша өтті.
Аталған топтық байқауда 7 педагогтен құралған 11 команда, барлығы 77 педагог өнер көрсетті. Педагогтердің өнерін облыстың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының абайтанушы ғалымдары, тәжірибелі педагогтер мен түрлі деңгейдегі кәсіби шығармашылық конкурстарының жеңімпаздарынан құрылған сараптау комиссиясы бағалады.
– Мұғалім – мектептің жүрегі. Біліммен қатар ұстаз мәдениетті, жан-жақты әрі шәкірттің психологиясын біліп тұруы қажет. Тіпті әртістігі де болуы шарт. Театрды сүйетін, әдебиетке құмар ұстаз өзі секілді шәкірт тәрбиелейді. Өрелі жастарды дайындап шығу үшін ұстаз реалист те, романтик те, қатал да, өнерлі де бола білуі керек. Осы себепті сайыс барысында педагогтердің өнерлерін бағаладық, – дейді облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының басшысы Шахризада Өсерова.
Байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша Жамбыл ауданының «Сөз сәулесі» тобы бас жүлде, Тараз қаласының «Абай ұлағаты» тобы І дәрежелі, Талас ауданының «Парасат», Т.Рысқұлов ауданының «АбайLab» командалары ІІ дәрежелі, Қордай ауданының «Шыңдағы шынар», Меркі ауданының «Телғара тарландары», Байзақ ауданының «Дәуір данасы», Шу ауданының «Шабыт» командалары ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталса, Жуалы ауданының «Асыл мұра» командасы «Ізденімпаз топ», Сарысу ауданының «Хәкім үні» командасы «Шығармашыл топ», облыстық Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының «Көзімнің қарасы» командасы «Креативті топ» номинацияларына ие болды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді