Инфекция ластанған, мерзімі өткен, дұрыс өңделмеген тағамдар мен су, кір қол немесе ойыншықтар, күтім заттары арқылы ағзаға түседі. Халық нақылында айтқандай, ауырып ем іздегенше, аурудың алдын алу әлдеқайда тиімді. Сондықтан, сақтық шараларын мұқият орындауды ата аналар мен дәрігерлер болып қадағалап, балалардың ауырмауына атсалысу қажет. Құсу және іш өту нәтижесінде мынадай сусыздану белгілері пайда болады.
Мамандар бұл жағдайды «сусыздану жоқ», «орташа сусыздану», «ауыр сусыздану» деп бөліп қарастырады. Сусыздану белгілері жоқ болса, балаға қалағанша су бере берген дұрыс. Орташа сусыздануды қалай анықтауға болады? Мұндай кезде балада мазасыздық, көзінің кіртиюі, суды қызғана ішуі, шөлдеу, тері қатпарын ұстағанда орнына баяу қайту белгілерімен көрінеді. Орташа сусыздану кезінде салмағына қарай суды 4 сағат ішінде балаға ішкізіп отыру қажет. Ауыр сусыздану кезінде балада судан бас тарту, теріні ұстағанда орнына өте баяу қайту, есін жоғалту, көз кіртиюі белгілері байқалады.
Бұл жағдайда стационарлық ем, яғни баланы жедел түрде дәрігерге көрсетіп, тамырішілік инфузиялар жасалуы қажет. Дәл осындай белгілер мен жағдайға жетпеу үшін сақтық шараларды сақтап, балаларға мұқият қарап, ойыншықтарды, қолдарын уақытылы жуып, жеміс жидектерді сумен жақсылап жуып жеуді әдетке айналдыруы керек. Дені сау ұрпақ ел келешегінің саулығы екенін ұмытпайық!
Айгерім ТАЗАБЕКОВА,
дәрігер-инфекционист, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы №1 бөлім меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




