Күлтай Сейтжанова да белгісіз бағдарламаны телефонына орнатамын деп алданған адам.– Өзім көпбалалы анамын. Кішкентайларым «YouTube» видеохостингінен мультхикаялар көріп жатқан. Бала тым кішкентай болған соң келген жарнамалардың бірін «рұқсат етемін» деген батырманы басып жіберіпті. Содан кеп уатсапты, әлеуметтік желіні ашсам да, біреуге хабарласайын десем де белгісіз жарнамалар қаптап кетті.
Айтатыны бір бағдарламаны орнат дейді. Осыны орнатсам телефоным тазаланатын шығар деп орнаттым. Түннің бір уақытында баламның «Tulpar сard» жол жүру картасына ақша салайын деп шотыма кірсем бүгін ғана түскен еңбекақым түгел жоқ. Сенбей қайтадан қарадым. Ішім бірдеңені сезді. Өз өзіме есеп беріп қарасам, белгісіз бағдарламаны орнатқаннан солай болыпты. Оның үстіне интернет сауданы жасау үшін лимитім ашық болатын. Не істеймін? Кімді сотқа беремін. Бәрі өзімнің аңқаулығымның кесірі, – дейді күйінген ана. Енді алаяқтың кесірінен атына кредит рәсімделген азамат қарызды жабуға міндетті ме? Осыны талқылайық. Ендігі жерде алаяқтың қолымен кредитке байланған азаматтар «зардап шегуші» деп танылады. Бірақ іс мұқият тексеруден өтеді.
Қаржылық операциялар клиенттің еркінен тыс жасалды ма, жоқ па тексеріледі. Егер бөгде біреудің қолымен жасалған операция екені дәлелденсе, азаматтың қарыз алмағанын растайтын құжат күшіне енген күні қаржы ұйымы кредитті есептен шығаруы керек. Ал егер «зардап шегушінің» алаяқтарға несие рәсімдеуге өзі көмектескені, дербес деректерін, құпиясөзді өз еркімен бергені расталса, микроқаржылық ұйым ол қарызды азаматтың өзінен өндіріп алуға құқылы. Ол кезде кредитке өсімпұл, пайыз жүрмейді, тек негізгі сома жабылуы керек.
Интернет желісі арқылы алаяқтық жасайтындарға қатысты қолданылатын жаза қатаң. Ашық талқыға шығарылған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару Кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында осылай жазылған.
«Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену – мүлкі тәркіленіп, 3 000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады», – деп көрсетілген құжатта.
Бірақ жаза қатаң болса да алаяқтар айылын жимай тұр. Тек өз-өзімізге абай болып, сауатты болуымыз қажет.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




