«Ж. Үшкемпіров атындағы Тараз-Арена» спорт кешенінде командалық және жеке біріншілікке таласуға Оңтүстік аймақтардың – Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарының судьялары жиналды. Салтанатты ашылу рәсіміне келген командалардың облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев және сот жүйесінің ардагері Серік Байбатыров іс-шараны аша отырып, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеп, судьялар корпусының арасында спорт пен салауатты өмір салтына деген оң көзқарас қалыптасып жатқанын атап өтті.
Турнирде аймақтардың судьялары спорттың 9 түрінен: кіші футбол, волейбол, үлкен және үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы, арқан тарту және тоғызқұмалақтан медальдар үшін күресті. Спартакиада судьялар үшін өз қабілеттерін көрсетумен ғана шектелмей, сонымен қатар басқа аймақтардағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды іс шараның бірі болды. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, спорттық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша: Жалпы командалық есепте 1-орынды Алматы қаласының командасы; 2-орынды – Жетісу облысының командасы; 3-орынды – Түркістан облысының командасы иеленді.
Спорт түрлері бойынша жүлделі орындарға ие болған спорт командалары мен жеке біріншілік ойындары бойынша, сондай-ақ ойындарда ерекшеленген қатысушылар грамоталармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




