Мерекелік кеште отызға жуық вокалдық, хореографиялық, аспаптық қойылымдар, поэтикалық шығармалар орындалды. Сонымен қатар «Ақ терек, ақ үйеңкі», «Гуляю я», «Позови меня» сынды әндер шырқалды.
«Радонеж» орыс қауымдастығының «Калинка» вокалдық тобы, «Днепро» украин этномәдени бірлестігінің «Маричка» халықтық вокалдық ансамблі, «Қоғамдық келісім» мекемесі белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Шабыт» хореографиялық ұжымы, «Жалын» ансамблі кеш шырайын келтірді.
Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шығармашылық ұжымның орындауындағы «Смуглянка», «Журавли», «Ты же выжил солдат», «Танго у разбитого танка», «Это было рано на рассвете», «После Победы» секілді өзге де патриоттық шығармалар көпшіліктен қолдау тапты. Мерекелік концерт жоғары деңгейде өтіп, көрермендер үшін де, орындаушылардың өздері үшін де нағыз мейрамға айналып, келушілердің жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




