«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Биыл Таразда 17 шақырым арық жөнделеді

Биыл Таразда 17 шақырым арық жөнделеді
Автор
Қазіргі таңда шаһардағы арық жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. Қаланы дамытудың үш жылға арналған жоспарында да бұл мәселеге баса мән берілген.

Осы мақсатта 2023 жылы шаһардағы жалпы ұзындығы 30,2 шақырым арық жүйесі ауыстырылды. Атап айтсақ, «Ақбұлақ», «Салтанат», «Қарасу», «Талас», «Самал», «Алатау», «Мыңбұлақ» шағынаудандарында құрылыстары жүргізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар былтыр да өз жалғасын тауып, 12 шақырым лоток жүйесі орнатылды. Ал биылғы жылы жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайтын арық жүйесін жаңғырту жоспарланып отыр.

Аталмыш жұмыстар қаладағы Желтоқсан, Қазыбек би, Төле би, Байзақ батыр, Сүлейменов көшелері және «Қаратау», «Жайлау», «Аса», «Жансая» шағынаудандары мен «Химпоселок» аумағында жүзеге асырылатын болады. Жалпы, бұл ауқымды жоба 2027 жылға дейін жалғасын табады.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар