Облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысы Нұрбек Оршубековтің айтуынша, еліміздің Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, мектептерде оқу мерзімі дәстүрлі түрде 34 аптаға созылады, оқу 25 мамырда аяқталады.
– Орта білім беру ұйымдарында сабақ аптасының бес күндік екенін ескере отырып, 1-10- сынып оқушылары үшін соңғы сабақ күні 23 мамырда «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты форматында өткізіледі. Сынып сағатының мақсаты – балаларды жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Барлық білім алушылар арасында 1-4- сыныптарда «Таза Қазақстан», 5-9-сыныптарда «Заң және тәртіп», 10-11-сыныптарда «Адал азамат» тақырыптарында эссе жазу байқауы өтеді. Сынып сағаттарында эссені үздік жазған оқушылар марапатталады. 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау 24 мамырда мектеп қабырғасында «Мектебім, саған, мың алғыс» атты салтанатты жиын түрінде ұйымдастырылады, – дейді Нұрбек Әбубекұлы.
Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, 9-сынып оқушылары 4 пәннен, яғни математика, қазақ/орыс тілі, таңдау пәні, оқыту тілдеріне қарай қазақ тілі немесе орыс тілінен 29 мамыр мен 10 маусым аралығында қорытынды мемлекеттік емтиханнан өтеді деп жоспарлануда. Ал 11-сынып түлектері 30 мамыр мен 16 маусым аралығында 5 пәннен, яғни Қазақстан тарихы, математика, қазақ/ орыс тілі, таңдау пәні, оқыту тілдеріне қарай қазақ тілі немесе орыс тілінен мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Биыл су үнемдеу технологиясы қанша гектарға қойылады?
- 16 сәуір, 2026
Магистратураға - 200 орын, докторантураға – 12 орын...
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




