Биыл жазда Балқаш курорттық аймағына қосымша пойыздар қатынайды
- author «Ақ жол»
- 23 мамыр, 2025
- 602

Көлік министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта Балқашқа дейін 10 теміржол маршруты ұйымдастырылады. Пойыздар Астана, Семей, Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) қатынайды.
№54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
№ 254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
№122/121 «Нұрлы жол – Семей» (жыл бойы, айдың жұп күндерде).
№ 643/644 «Мойынты - Балқаш» (күнара);
№ 605/606 «Қарағанды – Балқаш» (күн сайын);
№ 6880/6879 «Балқаш – Саяқ» (аптасына 6 рет);
№ 6877/6878 «Балқаш – Мойынты» (аптасына 6 рет);
№ 6894/6893 «Балқаш – Саяқ» (аптасына 2 рет);
№ 6817/6818 «Балқаш 1 – Балқаш 2» (күн сайын).
Сонымен қатар, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында айдың тақ күндері №219/220 «Қарағанды-Балқаш» жүрдек пойызы қатынайды. Оның құрамына 4 плацкарт және 2 купе вагон кіреді.
Автомобиль көлігі:
Балқаш көліне дейін «Орталық – Оңтүстік» жол бағыты арқылы төрт жолақты жолмен жүруге болады.
Астана қаласынан ұзындығы 217 шақырым «Астана – Қарағанды» жолын өтіп, одан әрі ұзындығы 363 шақырым «Қарағанды – Балқаш» жолы бойынша жетуге болады. Жол жүру уақыты шамамен 5-6 сағатты құрайды. Ұзындығы 262 шақырымды құрайтын «Меркі-Бұрылбайтал» жолы арқылы да жетуге болады.
Балқашқа Лепсі ауылы арқылы баламалы жолмен де жетуге болады. Мұндағы 27 шақырымдық жол учаскесі қайта жөнделіп, ені 6-дан 7 метрге дейін кеңейтілді. Техникалық санаты V-тен III-ке ауыстырылап, өткен жылдың қазан айында пайдалануға берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жазғы демалыс жайлы өтсін десеңіз...
- 14 маусым, 2025
Мемлекеттік қызметші болу – зор мәртебе
- 14 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді