
Жаңа медициналық нысан Тараз қаласы Әулиеата ауданы Қызыл жұлдыз алабында орналасқан. Дәрігерлік амбулаторияның құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізілді. Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзінде халықтың денсаулығын сақтау және өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басым-бағыттарының бірі екенін атап өтті.
– Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қызыл жұлдыз алабында заманауи дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп отыр. Ел Президенті денсаулық сақтау саласында тиімді модель қалыптастыру арқылы барлық ауылдық елді мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Жаңа нысанда жергілікті халық тек ем қабылдаумен шектелмей, аурудың алдын алу мүмкіндігіне де ие болады, – деді облыс әкімі.
Медициналық құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген бұл денсаулық сақтау нысаны 5 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда алғашқы медициналық санитарлық көмекпен қатар, ересектер мен балаларға арналған консультативті-диагностикалық қызметтер ұсынылады. Сонымен бірге зертханалық диагностика, профилактикалық және скринингтік тексерулер жүргізіледі. Психолог пен әлеуметтік қызметкердің кеңесі де қарастырылған.
– Тарихы тереңде жатқан Қызыл жұлдыз ауылы Тараз қаласының құрамына кірді. Бұл – ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан айтулы оқиға. Бүгін көптен күткен дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, халықтың жұлдызы тағы жарқырады, – дейді ардагер Тұрсынхан Нұрбаев.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 20 нысан халық игілігіне пайдалануға берілді. Биыл 4 нысанның құрылысы аяқталады. Сондай-ақ медицина ұйымдарының материалдық техникалық базазын нығайтуға 6 миллиард теңге қарастырылған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді