Ағаділ Суханбаевты еске алуға арналған футболдан халықаралық турнир өтті
- author «Ақ жол»
- 11 мамыр, 2025
- 373

2012 және 2013 жылғы балалар бақ сынасқан турнирге жалпы 8 команда қатысты.
Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында жалауын желбіреткен дәстүрлі турнир ұзақ үзілістен кейін қайта жанданды. Халықаралық деген атағы бар бәсекеге биыл бас-аяғы 8 команда бақ сынасты. Соның 2 Тараз қаласынан болса, 1 команда Қырғызстан Республикасынан ат терлетіп келді. Қалған 5 ұжым аудандық жарыстарда тұрақты түрде ойнап жүр. Бастауын 7 мамыр күні алған жарыста “Байзақ” командасы оқ бойы оза шапты. Аталған ұжым бірінші орынға таласта Тараз қаласының “Қайнар” ұжымын 8:0 есебімен ойсыратты. Сөйтіп турнирдің алтын жүлдесіне қол жеткізді. Үздік үштікті қаладан келген тағы бір “Хэт-трик” командасы түйіндеді. Бұл клуб қолаға таласта Талас ауданынан басым түсті.
Соғыста оқ шашып тұрған пулеметті денесімен жауып, ерлік жасаған Ағаділ Суханбаевты еске алуға арналған турнир жас футболшылардың олжалы болып қайтуынан бөлек, тарихтағы батырларымыздың есімін мәңгілік жадыдан шығармау үшін ұйымдастырылып келеді.
Айта кетейік, Сарыкемердегі аладоп аламанының жоғары деңгейде өтуіне “Тараз” ФК қолдау көрсетті. Кәсіби ұжым жас футболшыларға марапат ретінде спорттық құрал-жабдықтарды табыстап, командаларды жеңісімен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
Еттің бағасы неге шарықтап барады?
- 20 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді