«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Артық көліктер жекешелендірілуге жіберілді

Артық көліктер жекешелендірілуге жіберілді
Автор
Мемлекеттік активтерді басқару – экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық мемлекеттік мүліктің тиімді пайдалануына бақылауды арттыру және де пайдаланылмайтын, тиімсіз пайдаланылатын және мақсатсыз пайдаланатын мүліктерді анықтау мақсатында, 2024 жылы барлық аумақтық бөлімшелерге республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміндегі жылжымайтын мүлік объектілері мен автокөлік құралдарына түгендеу жүргізуді тапсырды.

Осы тапсырма аясында Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті өткен жылы облыс аумағындағы 288 республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға (оның ішінде олардың филиалдарына, өкілдіктеріне, құрылымдық бөлімшелеріне), республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміндегі (пайдаланып отырған) жылжымайтын мүлік объектілерінің алаңдарына және автокөлік құралдары мен арнайы автокөлік құралдарына түгендеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде оңтайландыруға жататын жалпы ауданы – 6 095,3 мың шаршы метр, пайдалы ауданы – 2 462,5 шаршы метр артық алаңдар мен 33 бірлік артық автокөлік құралдары анықталды. Бүгінгі күнге департаментпен анықталған артық алаңдардың 5030,5 шаршы метрі оңтайландыру бойынша шешім қабылданды. Оның 1019,9 шаршы метрі басқа республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар орналастырылған және теңгерімдеріне берілген, 1657,9 шаршы метр алаңы коммуналдық меншікке, 1906,7 шаршы метрі жекешелендіруге, 446 шаршы метрі мүліктік жалдауға (жалға) беріліп отыр.

Сонымен бірге 25 артық автокөлік құралдарын оңтайландыру бойынша да шешім қабылданды. Артық автокөлік құралдарының 23-і жекешелендіруге, 2-і басқа республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне берілді. Ал қалған, оңтайландырылмаған нысандар бойынша, артық алаңдарды және автокөлік құралдарды оңтайландыру бағытында жұмыстар жалғастырылуде, ол департаменттің басшылығының бақылауында.

Түгендеудің нәтижесінде, өткен жылы республикалық мемлекеттік меншігіндегі мүліктерін сатудан республикалық бюджетке 101425,6 мың теңге түсті, ол өткен жылмен салыстырғанда сату сомасы 2 есе өсті (2023 жылы жекекешелендіруден 51 152,8 мың теңге түсті), ал республикалық мемлекеттік меншігіндегі мүліктерін жалға беруден республикалық бюджетке 44 965,7 мың теңге түсті, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2023 жылы – 35 330,8 мың теңге түскен) бюджетке түскен сомасы 9 634,9 мың теңгеге өсіп, 27,2 пайызды құрады.

Департаменттің негізгі бағыттарының бірі – ол республикалық мүлікті жекешелендіру, мүлікті жалға және сенімгерлік басқаруға беру, жеке меншіктегі мүлікті өтеусіз республикалық мемлекеттік меншікке қабылдау, республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлігін теңгерімінен-теңгерімге беру; мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру және т.б.

Бүгінгі таңда, республикалық мүлікті жекешелендіру, жалға және сенімгерлік басқаруға беру поцестері электронды түрде (on-line режімде) E-Qazyna сайты арқылы жүзеге асырылатыны туралы атап өту қажет.

Нақтылап айтқанда, барлық процестер өтінім беруден бастап, жеңімпазды таңдау мен шартты жасауға дейін (соның ішінде: шарттың мерзімін созу немесе шартты мерзімінен бұрын бұзу) осы портал арқылы электронды түрде жасалады. Осыған қоса, биылғы жылдан бастап, республикалық мүлікті мүліктік жалдауға және сенімгерлік басқаруға беру кезінде, мүліктің қабылдау-беру актісіне де қол қою электронды форматқа ауыстырылды.

Мемлекеттік мүлікті басқару жүйесі мен жекешелендіру жөніндегі барлық іс-шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік активтерді басқару саласында тиімді саясатты қалыптастыру, мемлекеттік меншік басқару функцияларды іске асыру кезеңінде жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, ұлттық экономикамыздың тиімді және серпінді дамуы.

 

Рахат ЖУАСБЕКОВА,

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелену бөлімінің басшысы.

 

 

Ұқсас жаңалықтар