Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылған жұмыс көп. Соның бірі – бүгінгі күні ауданға қарасты Қызылқайнар ауылында бой көтерген 180 орындық мәдениет үйі. Жалпы құны 266 миллион 879 мың теңгені құрайтын нысанның құрылыс жұмысын «Талас-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Ол мереке қарсаңында пайдалануға берілді. Ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасынан өзге де жобалар жүзеге асырылуда.
Атап айтсақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы мен «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан нысандар бар. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында білім, мәдениет және медицина саласының дамуына ерекше көңіл бөліп келеді.
Шынын айту керек, соңғы жылдары ауданның білім, мәдениет пен медицина саласында жеткен жетістік те, табыс та мол. Жалпы ауданда 21 мәдени нысан бар. Кеше Қызылқайнар ауылындағы мәдениет үйі де пайдалануға берілді. Ел игілігіне берілген жаңа нысан үлкендер мен өнерлі өрендердің құтты мекеніне айналатын болады. Өнерімен өрге жүзген ауыл жастарының талабына қанат байлап, шығармашылығын шыңдап, халыққа рухани азық сыйлау мақсатында еңсе тіктеген мәдениет ошағына келушілерге барлық жағдай жасалған. Оның ішінде көрермен залы, хореография, түрлі үйірме сыныптары мен қызмет кабинеттері бар. Жаңа нысан ел игілігіне қызмет етіп, жастардың талабын ашуға жұмыс жасайтынына сенім артамыз, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Биыл су үнемдеу технологиясы қанша гектарға қойылады?
- 16 сәуір, 2026
Магистратураға - 200 орын, докторантураға – 12 орын...
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




