
Жеңіс күні келген сайын жылаймын,
Қара болып көрінеді гүл-айдын.
Жеті жаста мені әкемнен айырған,
Құдіретіне не айтасың Құдайдың.
Бәрі болды, бәрін көрдім, шыдадым,
Әке, сені сағынды ғой шырағың.
Әке, сені аңсады ғой Тұмашың,
Бір жақсы сөз айтпай қойды-ау мына күн, – деп толғанады ол.
Ал поэзия мұзбалағы Мұқағали Мақатаев:
Соғыстың соңғы көктемі,
Көп болды нұрын төккелі,
Жап-жасыл анау аспан да,
Аспан да, сірә, көктеді, – деп ағынан жарылып ой ақтарады. Жеңіс күні өзінен өзі келген жоқ. Осынау нұрлы күн үшін барша ер азаматтар қолына қару ұстады.
Бауыржан Момышұлы, Ыбырайым Сүлейменов, Ақәділ Суханбаев, Сәду Шәкіровтер бастаған батырлар елдің де, ердің де рухын оятты. Көздерінде намыс оты ойнап, Отан қорғау жолында ештеңеден тайынбайтынын көрсетті. Осы батыр азаматтар Отанын қорғап, адамзатқа үлгі көрсетті. Сәду Шәкіровтің айналасына айтқан рухты сөзі бар.
«Майданға барамын. Барамын да жеңіп қайтамын» депті. Қандай рух! Солай болды да. Жеңіспен оралды. Әрине, «Жеңіс күні» деп тұғырға ту көтеріп қуанғанымызбен, оның екінші жағы да бар. Қаншама біздің намысты азаматтар майданнан оралмады. Намысы найзағайдай ерлерге туған жер топырағы бұйырмады. Қаншама асыл соғыс батырлары қалды.
Ортамызда тарихтың куәсіндей болып олардың жүргеніне де шүкір. Тыл еңбеккерлері, тыл батырлары да әрқашан құрметтеуге лайық! Жұртты шаттықта бөлеген Жеңіс күніне де 80 жыл толыпты.
Жеңіс күні – жас ұрпақ үшін қуаныш. Олар жеңімпаз Отанын, ержүрек аталарын мақтан етеді. Аталардың батырлығы мен ерлігінен күш-қуат алады. Аталар алып берген бейбіт күннің оңай жолмен келмегенін түсінеді. Жас ұрпақ білім алып, мемлекетке қызмет етіп, Отанға қызмет етуге талпынады. Бейбіт күннің батырлары – патриот азаматтар. Олар отансүйгіш жүрегімен, елім деген тілегімен ерекше. Қазіргі жастар өнер мен спортта, әдебиетте, ғылым, білім саласында жетістіктерге жетуімен Отанға өз үлестерін қосуда.
Ауыл, аймақ, өздері білім алған мектептерді осылай қуантуда. Бұл жетістіктер мен жақсылықтардың бастауында Ұлы Жеңіс күні тұрғаны анық. Аталардың батырлық рухы мен тылда еңбек еткен аналардың қайсарлығымен келген Ұлы Жеңіс! Балалығы болмай, тылда бел жазбай еңбек еткен жандардың да бәрі батыр. Олар өздері бала болып ойнамағанмен, қазіргі миллиондаған балаларға шат күлкі сыйлады. Енді қазақ жерінде, тіпті, әлемде тек бейбітшілік әні шырқалсын деген тілек бар.
Барлық халықтың асыл мұраты – бейбіт күн! Ұлы Жеңіс – үлкен тарих. Жеңіс күні – өкініш пен сағыныш! Жеңіс күні – шаттық пенен қуаныш! Адамның жеңісі тек майданда жеңу емес. Жақсы істің барлығы да – жеңіс! Тәуелсіз еліміздің болашақтары – жастар намысты болып, өмір бәсекесіндегі жеңістеріміз көп болғай!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет етуге дайын
- Бүгін, 05:42
Барлық бассейннің суы таза екеніне сенімдісіз бе?
- Бүгін, 05:28
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді