«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Көпбейінді ауруханада көркем әдебиет көрмесі өтті

Көпбейінді ауруханада көркем әдебиет көрмесі өтті
Ашық дереккөз
Қазақ әдебиетіне ерен еңбегі сіңген тұлғаларды құрметтеу әрқашан өнегелі іс. Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы белгілі қаламгерлерге арнап түрлі іс-шараларды өткізіп тұруды дағдыға айналдырған.

Қазақ балалар әдебиетінің ірі классигі Сансызбай Сарғасқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында Төле би атындағы №8 гимназияның 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің ақсақалы» тақырыбында әдеби шеберлік сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында С.Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, оқушылар арасында пікір алмасу болды. Аталған кітапхана директорының орынбасары Жанат Тұрлықұлова бастаған кітапханашылар балалар қойған сұрақтарға жауап берді. Балалар жазушы С.Сарғасқаевтың өміріне қызығушылық білдірді. Жазушының «Сұлутөр», «Қағаз бен қалам» повестеріне қысқаша шолу жасалып, жасырын сұрақтар қою арқылы кітаптан пазл құрастырып, топтық ойын жүргізілді.

Сонымен қатар, Төле би атындағы №8 гимназиясының оқырмандарымен бірлесе отырып, Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына орай «Құстар қайтып барады» танымдық сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқырмандарға лирик ақынның өмірлік жолы мен шығармашылығынан кеңінен ақпарат беріліп, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алынды.

Кітапханашылар лирик ақынның өлеңді жазу барысында сыршыл сезімдерді ояту арқылы өлеңнің мәтінін, әннің мәні мен маңызын, әннің шығу тарихына мән бергенін аңғаруға болатынын оқырмандарға тереңінен жеткізді. Лирикалық өлеңдермен қатар, ақын балалар әдебиетін назардан тыс қалдырмаған.

«Шақырады көктем», «Етекбай атам үйінде», «Қар жауып тұр» шығармалары талқыға түсті. Кітапханашылар оқырмандарға өлеңнің мәтінімен таныстыра отырып, әсем әнді нақышына келтіріп әуелете шырқады. Іс-шара соңында ақынның кітаптарына шолу жасалды.

Аталған кітапхана «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 7-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Ем алушыларға кітап туралы сауалнама жүргізіліп, «Маугли», «Андерсен ертегілері», «Харри Потер мен Пәлсапа тас», «Құмөзек хикаялары» және көптеген кітаптар ұсынылды. Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жа с алып , оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ата-аналары балалар ризашылықтарын білдірді.

Тараз қаласындағы №3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернатының оқырмандарымен «Бақытым да, байлығым да денсаулық» тақырыбында эстафеталық ойын өткізілді. Іс-шара барысында жас оқырмандардың қатысуымен қол күрес, асық, арқан тарту және қаппен секіру ойындары ойнатылды.

Алдағы уақытта да кітапхананың жас оқырмандары қазақ және шетел әдебиеті классиктерімен танысып, білім кеңістігін кеңейте бермек.

 

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар