
Семинардың мақсаты – журналистикадағы заманауи үрдістер мен БАҚ арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын саралап, медиасауаттылық пен контентті тиімді жеткізудің әдістерін ортаға салу.
Басқосуда Zoom платформасы арқылы Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов, офлайн форматта Өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры Алмат Сәдуақас, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Журналистер одағының мүшесі, әдебиеттанушы Бақытжан Мақашев пен «Jambyl» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева өз баяндамаларын оқыды.
Жиында Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан халықтың медиасауаттылығын арттыру, мамандардың біліктілігін, әсіресе салалық журналистиканы дамыту мәселелері көтерілді. Ал өз кезегінде облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры Алмат Маратұлы аты аталған мекеменің негізгі қызметтеріне тоқтала келе, «Мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара іс-қимылы: тиімділігі мен ашықтығы» тақырыбында өз баяндамасын оқыды. Ол тиімді коммуникацияның ашықтық, жеделдік және сенімділік принциптеріне негізделуі қажеттігін атап өтті.
«Қазіргі медиадағы медиасауаттылық мәселелері» тақырыбында сөз алған Бақытжан Маханұлы қазіргі медиасауаттылықтың өзектілігіне тоқталып, бүгінгі күні әлеуметтік желілер арқылы ақпаратты дүрліктіріп ұсыну кесірінен шынайылық пен нақтылық екінші орында қалып қойып отырғандығын жеткізді.
Сонымен қатар Гүлбаршын Қайратқызы өз сөзінде бүгінгі таңда көрерменнің мәтінге қарағанда визуалды түрде қабылдауы басым екендігін және әрбір журналист мазмұнды материалды тиімді визуалды форматта ұсынуды меңгеруі тиіс екенін тілге тиек етті. Семинар соңында БАҚ саласы мамандары өзара еркін форматта пікір алмасып, журналистика саласының дамуына қатысты ұсыныстар мен бастамалар талқыланды.
Арна ЖҰМАТАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Тендер арқылы табыс табудың жолы қайсы?
- Бүгін, 07:55
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді