«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әдеп нормаларын бұзған бірде-бір дерек тіркелген жоқ

Әдеп нормаларын бұзған бірде-бір дерек тіркелген жоқ
Автор
Әдептілік – мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі. Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, әдептілігі өте маңызды. Сондықтан да олардың моральдық және әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Ал мемлекеттік органдарға қоғам тарапынан сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған Әдеп кодексінің мемлекеттік қызметшілерге берер бағыт-бағдары мол.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы әдеп жөніндегі кеңесінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға бағытталған шаралар туралы профилактикалық істерді қараған кезекті отырысын кеңес төрағасы Руслан Шәріпов ашып, жүргізіп отырды.

Алдымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған шаралар туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Айгүл Балғабаеваның есебі тыңдалды. Баяндамашының айтуынша, өткен жылы департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында бірқатар шаралар қолға алынған.

Мәселен, мекеме басшысының төрағалығымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтау тақырыбында семинар ұйымдастырылып, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамалардың және қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 8 жас мемлекеттік қызметшіге консультативтік көмек көрсетілген.

Сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық психологиялық ахуалдың жай күйін мониторингтеу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізіліп, онда 14 мемлекеттік қызметшінің пікірі ескерілді. Талдау қорытындысы бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға бағытталған семинар-кеңес өткізілді.

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілінің ұсынысымен мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан 4 мемлекеттік қызметші марапатталған. Жыл ішінде мекемеде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған деректер тіркелген жоқ. Кеңесте Байзақ ауданы әкімі аппаратының бірыңғай тәртіптік комиссиясының өткен жылы және биылғы үш айда атқарған жұмыстары туралы аппарат басшысы Асылжан Құрманов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының облыс бойынша департаменті әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған жұмыстары туралы Инга Шевцова, Жуалы ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі жұмыстарының қорытындылары туралы аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Жасөркен Жақсылық хабарлама жасады.

Сондай-ақ кеңес отырысында мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қуат Мадиев облыстың мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жиі жіберілетін бұзушылықтарына жүргізілген талдау нәтижелері туралы баяндады. Кеңесте қаралған профилактикалық мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар