
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Аmanat партиясы өңірлік филиалының қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға 12 азамат жазылған. Олардың қатарында Тараз қаласы мен Мойынқұм, Талас аудандарының тұрғындары бар. Азаматтар жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, цифрландыру салаларына қатысты түйткілдерді көтерді.
Өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Ербол Қарашөкеев азаматтардың сауалдарына заң талаптарына сәйкес жауап берді. Кездесуден соң жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жіті зерделеу, кезек күттірмейтін өтініш-тілек бойынша оңтайлы шешім қабылдау тапсырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді