«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бағалау платформасының тиімділігі мол

Бағалау платформасының тиімділігі мол
Автор
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бастауымен, мемлекеттік қызметшілердің «Ең алдымен- адамдар» тұжырымдамасын жаңа Қазақстан жағдайында жүзеге асыру маңызды аспектілердің бірі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің стратегиялық ойлау, перспективаларды көре білу, командалық жұмыс және жекелік шешімдер қабылдай білу дағдыларын дамыту академияның алға қойған негізгі мақсаттарының бірі.

Аталған мақсаттарды іске асыруда Академияның Жамбыл облысы филиалы қабырғасында «SmartAssess» аналитикалық жұмыстарды бағалау платформасы іске қосылуда. Платформаның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарындағы аналитикалық жұмыстарды жинау және бағалау процедураларын цифрландыру.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарында тыңдаушылардың аналитикалық жұмыстарын тапсыру және бағалау тәртібінде бірқатар мәселелер бар.

Атап айтсақ:

– жұмыстарды қабылдаудың автоматтандырылған жүйесінің болмауы;

– жұмыстардың уақытылы тапсыруды бақылау күрделілігі;

– басқа авторлардың шығармаларын алу (ішкі плагиат);

– бағалау парағын қолмен толтыру;

– бағаланған аналитикалық жұмыстарды жинақтау және басып шығару бойынша қосымша жұмыс.

«SmartAssess» аналитикалық жұмыстарды бағалау платформасы аталған мәселелерді толықтай шешіп отыр. Жамбыл облысы бойынша қайта даярлау курсы тыңдаушыларының аналитикалық жұмыстарын 100% пилоттық режимде қабылдау және бағалау жүргізілді. Платформа тиімділігі нақты жұмыс процессінде толықтай дәлелденді.

Аталған форматтағы бағалау платформасы академияішілік қана емес, сонымен қатар басқа да оқу орындарына ұсыну жоспарда бар.

 

Толғанай СҮЛЕЙМЕНОВА,

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облысы бойынша филиалының аға оқытушысы.

Ұқсас жаңалықтар