Сырымыз бір, жырымыз бір
Осы елде еркелеп мен күлемін,
Осы елде емін-еркін жүремін.
Туылған соң даласында қазақтың,
Қазақстан – Отаным деп білемін.
Ел деп соғар әр тұрғынның жүрегі,
Барлық ұлттың біреу ғана тілегі.
Қазақ елі табыстарға жетсе екен,
Бізді қолдап, қамқор болған үнемі.
Қазақ тілін өз тілімдей меңгердім,
Қазақ достар, сол достарға сенгенмін.
Сен аман бол, дархан пейіл қазағым,
Мейіріммен баршамызға нәр бердің.
Жақсы көрем өсіп тұрған гүлдерін,
Жақсы көрем тауын, тасын, қыр, белін.
Жасай берсін қазақ елі мәңгілік,
Қазақ деген халықпенен біргемін!
Аяна КИМ
кәріс ұлтының өкілі
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




