Кітап керуені «Мен қазақпын» әнінің композициясымен ашылып, кітап туралы қанатты сөздер айтылды. Өңіріміздің жас ақындары өз шығармашылықтарынан сыр шертіп, сезімге толы туындыларын оқыды. Төле би атындағы №8 гимназиясы оқырмандарының қатысуымен М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» қойылымы көрсетілді.
Жастардың патриоттық сезімін оятатын «Қазақстан – Отаным», «Көк бөрі» әндері шырқалып, «Ару Наз» би ансамблі «Ерке сылқым» биін билеп, талантты өнерпаздар өнерлерін көрсетті.
Оқырмандар «Ойлан, тап!», «Сөзжұмбақ» ойындарына қатысып, сұрақтарға жауап берді. Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің білімгерлері танымал ақындардың өлеңдерін оқыды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды «Халық ауыз әдебиеті», «Қазақ ағартушылары», «Алаш арыстары», «ҰОС жазушылары, балалар әдебиеті» бөлімдерінен тұратын «Ғасырлар үні – қалам ізі» атты кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттерге шолу жасалды. Іс-шараны аталған кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова қорытындылап, барлық белсенді қатысушыларға алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




