
Кеңесте облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы жоспарланған іс-шараларды таныстырып өтті. Басқарма басшысының сөзінше, облыста 1 және 7-9 мамыр аралығында 200-ге жуық іс шаралар өткізілмек. Сондай-ақ жиында тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау дирекциясының директоры Сауран Қалиев өңірдегі Жеңіс күніне арналған ескерткіштердің жай күйін баяндады.
– Өткеннен өнеге алып, бүгінгімізді бағалай білу – қазіргі ұрпақтың басты міндеті. Әсіресе кешегі сұрапыл жылдарда от пен оқтың ортасында жүріп, Жеңісті жақындатқан жауынгерлердің ерлігін насихаттау қастерлі парыз саналады. Облысымызда биыл мерейлі датаны 6 соғыс ардагері қарсы алмақ. Мерекеде патриотизмді нығайтуға, әскери мамандықтарды, әскери қызметті дәріптеуге бағытталған шараларға басымдық беру керек. Сонымен қатар 1 мамыр мерекесіне орай әлеуметтік маңызы бар акциялар мен қайырымдылық шараларын өткізуге басты назар аудару қажет, – деді Серік Жақсылықұлы.
Бұдан бөлек кеңесте облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев зерделеу нәтижесінде қоршалмаған және заңдастырылмаған қорымдар туралы айтып өтті. Жиын соңында Серік Сәлемов ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жеделдету мен кешенді іс шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру бойынша жауаптыларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ескерткіштерді қорғау - елдіктің белгісі
- Бүгін, 04:39
«Төле би келмей жүріс жоқ, Қойгелді келмей ұрыс жоқ»
- 29 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді