Азаматтық қорғау нысанының ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, еңбек ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Майтөбедегі өрт сөндіру бекеті екі шақыртуға шығуға арналған, 8 мыңға жуық халыққа қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар 15 мыңнан астам гектар ауыл шаруашылығы алқаптары мен өңірдің су айдындарын қамтиды.
«Ауылдық жерлерде өрт құтқару бөлімшелерінің желісін кеңейту – Төтенше жағдайлар министрлігінің басты басымдықтарының бірі. Біздің міндетіміз – тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір тұрғынды жедел қорғауды қамтамасыз ету», – деді вице министр К.Тұрсынбаев.
Іс-шара аясында вице-министр өрт сөндіру бөлімшесінің бастығына төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін жаңа автокөліктің, өрт сөндіру автоцистернасы мен құтқару қайығының кілттерін табыс етті. Шара соңында вице-министр бастаған құтқарушылар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ағаш көшеттерін отырғызды.
«Aq jol» – Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Облыста мал саны 3,7 миллионға жетті
- 12 наурыз, 2026
Былтыр құрылыс сапасына 63 мыңнан астам шағым түскен
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




