Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде өткізілді
- author «Ақ жол»
- 26 сәуір, 2025
- 1.1k
Бұл күні облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мәдениет, білім, спорт мекемелері, діни орындарда, сонымен бірге, кәсіпкерлік, туристік нысандар, ірі сауда орындары, дүкендер мен мейрамханалардың аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, бұл күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент саябағында 1000 гүл отырғызылып, Талас өзенінің бойы, «Бәйтерек» шағын ауданында өткізілді.
«Бәйтерек» шағын ауданында өткен акцияға жастармен бірге полиция қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Мұндай акция облыстың барлық аудандарында, ауылдық округтерінде болып өтті.
Облыс көлемінде іске асып жатқан көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы аясында «TazaLike», «Таза аула», «Таза қала» «Үлгілі аула» конкурстары өткізілуде.
Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Tаза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар.
Телеграмм-бот ашылғалы бері жалпы 522 өтінім түскен, оның 91% орындалды. Кейбір өтінімдер жарнама бағытында болғандықтан кейін қайтарылған. Телеграмм-ботқа түскен өтінімдердің басым көпшілігі аумақтарды күл-қоқыстан тазалауға қатысты болса, бірнеше өтінім көшелерге асфальт төсеу, жолдарды тазалауға қатысты болды.
«Таза Қазақстан» — еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұлттық жоба. Оның негізгі мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтау, халықты экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Бүгін Жамбыл облысының барлық аудандарында, облыс орталығында ұйымдастырылып отыр.
Жыл басынан бері акция аясында 350 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 50 мың тұрғын үй аулалары мен 2,5 мың шақырым көшелер тазаланып, 5 мыңнан тоннадан аса қоқыс шығарылды. 130 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 2,5 мың ағаш санитарлық бұталанды. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумақтары тұрақты қоқыстардан тазалануда. Бұл жұмыстарға 180 бірлік техника жұмылдырылды» - деді Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Смат Сатымбеков.
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




