
Осы мақсатта «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі қарсаңында облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мамыр» саябағында жамбылдық жастар ағаш көшеттерін отырғызды. Қоршаған орта мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жанашырлықты насихаттауды мақсат тұтқан іс-шараға 200-ге жуық еріктілер мен «Жасыл-Ел» еңбек жасағының жастары қатысып, 150 ағаш көшеттері отырғызылды.
– Жалпы, тазалық акциясы жаңа экологиялық ойлау мен азаматтарымыздың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өркениетті елдің басты сипатының бірі – тазалық пен тәртіп. Сондықтан «Таза Қазақстан» шарасы жыл он екі ай бойы жалғасуға тиіс», – деп атап өткен болатын.
Сол себепті болашақ ұрпақтың дені сау болуын қаласақ, қазірден экологиялық мәдениетті қалыптастыруымыз керек. Мұны әр адам өзінен бастағаны жөн. Табиғатты қорғап, болашақ ұрпаққа қалдыру – біздің парызымыз. Сондықтан қоғам өміріне бейжай қарамайтын отандастарымыздың арқасында игі бастама өз жалғасын таба бермек, – деді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадыралиев.
Бұдан кейін тазалық жұмыстары «Айша бибі» мен «Қарахан» кесенелерінің аумағында жалғасын тапты. Осы күні аталған аумақтарда жалпы саны 1000 тал көшеттерін отырғызу көзделген болатын. Еске сала кетейік, өңірімізде акция аясында жыл басынан бері 357 елді мекенде 350 шақырым канал, 48 мың тұрғын үй аулалары мен 1,3 мың шақырым көшелер тазартылып, 2,8 мың тонна қоқыс шығарылған. Бұдан бөлек, 130 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Туризм арқылы Жуалының табиғатын таныстырамыз
- 6 мамыр, 2025
Қызылқайнарда мәдениет үйі ел игілігіне берілді
- 6 мамыр, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді