Басқосуға неміс компанияларының өкілдері қатысты. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен келешегін талқылады. Жамбыл облысының Германиямен тауар айналымы 2024 жылы 52,1 миллион АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 4,7 есеге өсті.
Келіссөздер барысында алдағы бірлескен жұмыстың басты бағыттары белгіленді. Әсіресе тау-кен өндірісі, логистика және құрылыс саласына басымдық берілді. Облыс әкімі өңірлік деңгейде жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге серпін беруге дайын екенін растады.
Өз кезегінде Маттиас Кислер жемісті байланыстарды нығайту Жамбыл облысы мен Германия арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуына ықпал ететінін атап өтті. Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Маттиас Кислер Тараз қаласындағы бірқатар өндіріс орнын аралады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Облыста мал саны 3,7 миллионға жетті
- 12 наурыз, 2026
Былтыр құрылыс сапасына 63 мыңнан астам шағым түскен
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




