Айта кетейік, кеше осынау акциясы аясында экологиялық шаралар марафоны бастау алды. Тазалық шарасынан әулиеаталықтар да тыс қалған жоқ. Бұл күні «Айша бибі» кесенесінің аумағы тазартылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, ауыл қариялары мен 100-ге жуық жас қатысты. Марафон барысында киелі орынның аумағы толығымен күл-қоқыстан тазартылып, көшеттер отырғызылды.
Экологиялық шарада облыс әкімінің орынбасары Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан акцияның маңызы жоғары екенін атап өтіп, оған жамбылдықтар да белсене атсалысып жатқанын жеткізді.
– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облыстың барлық аудандарында өткізілуде. Соның бірі – Жамбыл ауданындағы Айша бибі кесенесінің аумағын тазарту жұмыстары. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні облыста 28 елді мекенде экологиялық шара ұйымдастырылды. Оған екі мыңнан аса адам қатысуда. Осылайша, бірлігі бекем, тірлігі түзу жамбылдықтар саябақтар мен арық-атызды және аулаларды тазартуда. Қазіргі таңда аймақта 3500-ден аса тарихи-мәдени ескерткіш бар. Негізгі басымдықты сол аумақтарды тазалау, абаттандыру жұмысына беріп отырмыз, – деді Серік Жақсылықұлы.
Еске салсақ, акция аясында жыл басынан бері 350 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 48 мың тұрғын үй аулалары мен 1,3 мың шақырым көшелер тазаланып, 2,8 мың тонна қоқыс шығарылды. Ал, биыл егілетін 195 мың талдың бүгінге 128 мыңға жуығы отырғызылып, 2,4 мың ағаш санитарлық мақсатта бұталды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




