
Сондай-ақ, бұл күні А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында ақынның қаламынан туған «Танакөз» поэмасы көпшілік назарына ұсынылды. Адал достық пен мөлдір махаббат деген ғаламат сезімді ерекше эмоция, әуезді әнмен жеткізген спектакльде тараздықтар әдемі мақпал сезімге бөленді. Театр көрерменін қуантқан қойылымды жұртпен бірге поэма авторы Мұхтар Шаханов та көрді.
«Бүгін әулиеаталық көрермендер 22-23 жасымда жазған шығармамды тамашалады. Осы ретте өнерді бағалайтын, ақынын құрметтеген көне шаһардың жұртшылығына алғысымды білдіргім келеді», – деді ақын.
Жалпы, мелодра м а жанрындағы спектакль қазіргі қоғам шөлір ке ген рухани қажеттілікті Мұхтар, Мұрат және Танакөз үшеуінің арасындағы «Дос» ұғымы арқылы ұғындырып берді. Поэмамен таныс көрермен қойылымның сценарий ден ауытқымай, еш бояусыз көрсетілгенін бірден ұқты.
Қорыта айтқанда, «Танакөз» поэмасы – қазақ поэзиясының озық үлгісі ретінде әдебиетіміздің алтын қорына енген жауһар шығарма болып қалары сөзсіз. Ендеше, Шахановша айтсақ, адамзатқа берері көп дүние жазу – кез келгенге бұйырмайтын сыбаға!
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді