«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында 2,8 мың тонна қоқыс шығарылды
- author «Ақ жол»
- 21 сәуір, 2025
- 487

Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Мамыр саябағы мен «Айша бибі» мен «Қарахан» кесенесінің аумағында тазалық акциясы ұйымдастырылып, кесілген, қураған ағаштар, қоқыстар тазаланды. Сонымен қатар акция ұйымдастырылған орындарға ағаштар егілді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облыстың барлық аудандарында өткізілді. Атап айтқанда, Меркі ауданы Меркі тау шатқалында, Қаратау, Жаңатас қалалары мен ауылдық округтерде 28 іс-шара ұйымдастырылды, оған жалпы 2 мыңға жуық адам қатысты.
Айта кетейік, облыс бойынша наурыздан айынан басталған көктемгі екі айлық абаттандыру жұмыстары аясында «Таза қала», «Таза кәсіп – таза аймақ», «Жасыл қала», «Болашақты бірге отырғызамыз» «Жер сағаты» және т.б. акциялары өткізілуде.
Жамбыл облысында жыл басынан бері акция аясында 350 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 48 мың тұрғын үй аулалары мен 1,3 мың шақырым көшелер тазаланып, 2,8 мың тонна қоқыс шығарылды. Биыл егілетін 195 мың талдың бүгінге 128 мыңға жуығы отырғызылып, 2,4 мың ағаш санитарлық бұталанды. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумақтары тұрақты қоқыстардан тазалануда. Бұл жұмыстарға 150 бірлік техника жұмылдырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді