
Жиында Тараз қаласында жүзеге асырылып жатқан Amanat партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы жайы қаралды. Осы мәселелер бойынша жүргізілген зерделеу жұмыстары туралы комиссия мүшелері хабарламалар жасады.
Комиссия отырысында жасаған есебінде Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев қалада атқарылып жатқан жобалардың барысы туралы толық мәлімет берді. Жалпы, Тараз қаласы бойынша Amanat партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасына сәйкес 2024 жылға белгіленген 43 көрсеткіштің 35-і орындалып, 8 көрсеткіш орындалмаған.
Орындалған көрсеткіштер арасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілер арасында меморандумдар жасасу, жұмысқа орналастыру, жаңа туристік маршруттарды әзірлеу сияқты маңызды шаралар бар.
Сонымен қатар, тұрғын алаптарында жеке үй салу үшін жер учаскелерін беру, білім беру нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргізу және әлеуметтік осал топтарға гранттар беру бойынша да бірқатар көрсеткіштер орындалмаған.
Мәселен, экологиялық шаралар аясында облыс орталығында 55 мың ағаш отырғызу жоспарланғанымен, тек 26,6 мың ағаш отырғызылған. Жиын соңында бақылау комиссиясының мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасы аясында көзделген межелерді орындау бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар берді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді