Бұл жолы 11 тұрғын жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет салаларына қатысты ұсыныс-тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев халық көтерген түйткілдердің назардан тыс қалмайтынын айтып, әрбір мәселенің шешімі табылғанға дейін жеке бақылауында болатынын атап өтті. Келіп түскен өтініштерді жан-жақты зерделеу мақсатында Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, сондай-ақ басқарма, департамент басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді.
Еске сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Ол үшін тұрғындар «E-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы немесе Тараз қаласы, Абай даңғылы, 127 мекенжайында орналасқан «Азаматтарды қабылдау орталығына» келіп жазыла алады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің елді мекендері 100 пайыз ауыз сумен қамтылды ма?
- 15 қаңтар, 2026
Биыл 1795 тұрғын баспаналы болмақ
- 15 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




