«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ел бірлігі - бәрінен маңызды

Ел бірлігі - бәрінен маңызды
Автор
Биыл – тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысы атанған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осыған орай, «Достық» үйінде өңірге жұмыс сапарымен келген Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысы өтті.

Ассамблея мүшелері мен қоғам белсенділерінің және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басын қосқан жиын барысында аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы ең әуелі облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі татулық пен тұрақтылықтың кепілі болып келе жатқанын атап өтті.

– Біздің өңірдегі этносаралық үйлесім, әлеуметтік-экономикалық жетістіктер Ассамблея бастамаларының жүзеге асырылуының көрсеткіші. Бұл – біздің бірлігіміздің нәтижесі, – деді облыс әкімі.

Мұнан соң, Мәлік Нұржанұлы жиналғандарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтады. Ол өз сөзінде бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құн дылығы екенін жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ас самблеясы біртұтас ұлттық идеология ны сеніммен әрі жүйелі жүзеге асырып келеді.

– Қазіргі таңда Ассамблеяның институционалдық әлеуеті нығайып, ұйым жетекшілері мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне және реформаларды ілгерілетуге белсене араласа бастады. Шын мәнінде, Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Көп жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесінде елімізде бейбітшілік пен келісімнің шынайы шырақшысы ұғымы салтанат құра білді. Бұл құрылым өзін эт носаралық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту жолында сындарлы саясат жүргізе алатын тиімді құрал ретінде танытқанын атап өткен жөн. Ендеше, қазақстандық патриотизмге, азаматтық бірлікке және ел халқының рухани-мәдени тұтастығына негізделген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық тұтастықты қамтамасыз ететін ұйымның 30 жылдық белесі құтты болсын! – деді ол.

Сондай-ақ, жиында «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева мен облыстық мәслихаттың депутаты, «Жомарт жан» орталығының төрағасы Жалил Аббосов сөз сөйлеп, бірлесе атқарылған жұмыстарға тоқталды. Соңында бірқатар азаматтарға «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл» медалі табыс етілді.

 

Есен ӨТЕУЛІ

 

Ұқсас жаңалықтар