Маған ғана
Маған ғана күлімдеді мына күн,
Маған ғана білінбеді суығы.
Саған ғана жан-тәніммен ұнадым,
Саған ғана жан-жүрегім жібіді.
Маған ғана арналғандай ән біткен,
Маған ғана құстар құшақ жайғандай.
Саған ғана қол қусырып көндіккем,
Саған ғана сене салдым ойланбай.
Маған ғана сыйлап өмір жұмбағын,
Маған ғана ашқан бақыт есігін.
Саған ғана бақай есеп құрмадым,
Саған ғана жасай алдым кешірім.
Мен үшін сен әпересің Айды да,
Мен де алға ұмтыламын сен үшін.
...Берілмейік уайым менен қайғыға,
Мықты болайық ол үшін!..
Үміт БИТЕНОВА
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




