8 сәуір күні Шу қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт болып, қызыл жалын үйдің төбесіне тараған. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру барысында 180 адамды эвакуациялап, 4 газ баллонын далаға шығарған. Оқиға орнынан 1 шақырым қашықтықтағы мектеп базасында эвакуациялау пункті ашылды.
Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде оттың басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт алаңы 750 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. 12 сәуір күні түске таман «101» нөміріне Тараз қаласындағы жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен департаменттің күштері мен құралдары үйдің ас бөлмесі мен шатырының 50 шаршы метр аумағы жанғанын анықтады. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 12:18-де толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығыны анықталуда. Сол күні Тараз қаласының Абай даңғылында орналасқан жылдам тамақтану дүңгіршегінің өртенгені туралы хабарлама түсті. Дереу оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Құтқарушылар жарты сағаттың ішінде өртті сөндірді. Жедел іс қимылдың арқасында жақын орналасқан екі қабатты ғимаратқа өрттің таралуына жол берілмеді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




