
Бұл сарғайған конверттердің ішінде бұрын майданнан жазылған, туған жер топырағы бұйырмаған боздақтардың да, соғыс даласынан аман келіп беріректе өмірден қайтқан майдангерлердің де хаттары бар. Көрменің ашылу салтанатында аталған музей директоры Айдын Базилов көрменің маңыздылығына тоқталды.
«Бұл хаттардың ішінде 83 жыл бұрынғы естеліктер бар. Хат емес, енді мұның бәрі тарих. Сарғайған сағыныш. Келіп көрмені көрген оқушылар ерекше әсерге бөленеді деген ойдамыз. Тіпті өзіміз де 83 жыл бұрынғы хаттарды оқығанда толқыдық», – дейді ол.
Бұл көрмені көруге келген мұғалімдер мен оқушылардың әсері де бөлек.
– Майданнан жазылған хаттарды тебіренбей оқу мүмкін емес. Ұлы Жеңіс тарихымен байланысты ілінген барлық суреттердің де өз сыры бар. Бұл – маңызды жоба. Алдағы уақытта оқушылар бұл жерден өзінің арғы аталарының немесе нағашы аталарының хаттарын да тауып алуы мүмкін. Көрме аудан тұрғындарын талай күн әсерге бөлейтіні анық, – дейді Меркі ауылындағы №39 Темірбек Қожекеев атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Жания Аманғали. Қазіргі таңда көрмені келіп тамашалап жатқан меркіліктердің қарасы көп.
Есет ДОСАЛЫ
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Еңбек елеусіз қалмайды
- 15 мамыр, 2025
Майдан туралы тың мәліметтер жинағы жарық көрді
- 15 мамыр, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді