«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаны нәзік, ары биік арулар

Жаны нәзік, ары биік арулар
Автор
Қай заманнан бері қазақ әйелдері өздерінің біліктілігімен, ақылымен, сенімді серік есебінде күйеуінің, әулеттің алдында талай абыройға бөленіп, небір мықты істер істегені тарихтан белгілі.

Ең бірінші айтатын болсақ, Тұмар патшайым Еуропа мен Азияны жаулап алған батыр да әділ билеуші болған. Одан кейінгі замандарда да, күйеулерімен қатар әскери істі де меңгеріп, жауынгерлер қатарында жүріп, елін-жерін қорғаған қыз-келіншектер көп жерде айтылмайды да, жазылмайды да. Бірақ олардың тарихта алатын орны ерекше.

Мысалы, Әбілқайыр ханның бәйбішесі Бопай ханым, Жәңгір ханның Фатима деген әйелі, одан бөлек Кенесары ханның қарындасы Бопай ханша. Бопай ханша Қасымқызы ағасы бастаған көтеріліске алты баласымен бірге жүріп, бастан-аяқ қатысқан. Он жылға созылған ұлт-азаттық көтерілісте бірде әскер басқарып жауға шапса, бірде ағасының әскерін киім-кешекпен, азық-түлікпен, мықты деген жылқылармен қамтамасыз етіп отырған. Бұл кісінің ер адамға тән ерлігін қалай мақтаса да жарасады. Сол замандарда еркек атаулысының барлығын соғысқа алып кеткен, кілең балалар мен қариялары қалған ауылды ақылы, батырлығы, сұлулығы, айлакерлігі бір бойына жиналған Зарина атты батыр қыз жаудан қорғап қалған. Осындай батыр әйелдер туралы тарихшылар білгенімен, халық білмейді.

Бермен келе, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен, жаудан беті қайтпаған батыр қос қарлығашымыз бар. Әлия мен Мәншүкті енді білмейтін адам жоқ шығар. Білмегенге ұят. Өмірді жаңа бастаған өрімдей қыздар сұм соғыстың суығын, жауыз фашистердің қатыгездігін тоқтату үшін жас өмірлерін қиған.

«Совет Одағының батыры» атағын алған арулардың атында қазіргі таңда аудан, ауыл, мектеп, балабақша, көшелер бар. Ол кісілерді дәріптегеніміз құптарлық іс. Осы соғыс жылдарында батырлығымен болмаса да, ерен еңбегімен елге көмектесіп, соғыстың жеңіспен аяқталуына үлкен үлес қосқан әйелдер жетерлік. Ол тылда жұмыс істеген қыз-келіншектер. Күйеулерін, ұлдарын соғысқа жіберіп, өздері елде қалып, колхозда жұмыс істеп, балаларын бағып, майданға киім, азық-түлік дайындап, тілеулерін тілеп, ошағындағы отын сөндірмей отырған нәзікжандылардың еңбегі ерекше. Ерлерін бейбіт күн, ашық аспан, тыныштық үшін майданға аттандырған олар қорықпастан кеңшар, ұжымшар басқарды, ауылдық совет төрайымы, аудандық атқару комитетінің төрайымы болды, трактор да айдады, көлік те жүргізді, паровозды да тізгіндеді.

Ешқандай ауыр жұмыстан қашпай, тер төгіп жеңіс күнін жақындатты. Соның ішінде өзім жақсы білетін, қазақ әйелдерінің ішінен алғашқы болып паровоз машинисі болған Луговой депосының қызметкері Жабира Жүсіпова. Күйеуі майданға аттанғаннан кейін оның орнына депоға паровоз машинисі болып жұмысқа келген. Болмысы ғана емес, тәні де нәзік болса да, бірнеше мың тонналық темір алыпты асқан батылдықпен игеріп кеткен Жабира Жүсіпова ерен еңбегі үшін сол жылдары Ленин орденімен марапатталған.

Одан басқа аудандық атқару комитетінің Қазіргі таңда да әйелдер еркектермен қатар жұмыс істеп, көлік айдап, мемлекеттік маңызы бар салаларда қызмет етіп, еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін тер төгуде. Жұмысымен қатар отбасын да ұйытып, демографияға да орасан үлес қосып, ерлеріне де барынша қолдау көрсетіп, жетістікке жеткізіп, жетіп отыр. Әйелдер қауымы бұл жұмыстардан бөлек бір-біріне көмектесу, қолдау көрсету мақсатында да маңызы зор компаниялар ашып, қайырымдылық қорларын, психологиялық көмек көрсету орталықтарын, көптеген жұмыс орындарын ашуда.

Бұл нәзікжандылардың әрқашанда ержүрек, қайсар болғандығының тағы бір дәлелі. Қай кезде болмасын әйелдер еркектерден нәзік жаратылыс десек те, ішкі күштері мен батылдықтары қай іске де жететінін мойындау керекпіз. Әр мықты еркектің артында ақылды әйел тұрады демекші, әйелдер осы өмірдегі сарқылмас күш пен сенім, нәзіктік пен әдемілік, батылдық пен қайраттылық, ақыл мен парасаттың иесі. Осыншама қасиетті бойларында сақтай білген әйелдер алдында бас июіміз керек-ақ. Қай салада жүрген азамат болсақ та, жетістігіміздің барлығына себепкер анамыз, жарымыз, қызымыз, бір сөзбен айтқанда, әйелдер қауымының баға жетпес ерлігі, еңбегі, бізге деген сенімі деп білемін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, соғыс кезінде тылда еңбек еткен әйелдерді дәріптеп, насихаттап, халыққа, келешек ұрпаққа көрсету керекпіз, мақтанарлық адамдарды ұлықтап, есімізге түсіріп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыруымыз маңызды. төрағасы, Қазақ ССР орталық атқару комитетінің мүшесі болған Бүбіқали Жұмаханова біраз жылдар колхоз басқарып, адал әрі тынымсыз еңбегі үшін көптеген орден, медальдармен марапатталған.

Соғыстан бұрын да, кейін де барын салып еңбек еткен Луговой ауданы, Көкарық колхозының жастар қызылша звеносының жетекшісі Күлішкүл Мұсабекова қызылша өндіруден ең жоғарғы көрсеткішке жеткені үшін «Еңбек Қызыл Туы» орденімен, екі рет Ленин орденімен марапатталған, «ССР ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісін алған. Мұндай жетістікке аянбай еңбек еткен, еңбек жолында қара тер төккен адам ғана жете алады. Соғыс кезінде Восток колхозының комсомолдық жастар қызылша звеносын басқарған Баршын Бетегенова өте жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін И.Сталиннен алғыс хат алып, 1940 жылы бірінші сайланған Қазақ Жоғарғы Советіне депутат болып сайланса, 1948 жылы екінші рет Жоғарғы Советке депутат болып сайланған және Ленин орденімен марапатталған.

Аталған колхоздың тағы бір қызылша звеносының жетекшісі Бүбіхан Нұрақаева 1948 жылы Ленин орденімен және одан басқа көптеген орден, медальдармен марапатталған. Одан бөлек ауылдық, аудандық кеңесті басқарған Шира Қаратышқанова, ұзақ жылдар колхоз басқарып, Ленин орденімен марапатталған, кейін 20 жылдай ауылдық кеңес төрайымы болған Бүбішира Исаевалар ел үшін маңызды істерді атқарғанымен қоса, ана екендерін де ұмытпай, бала да бағып, олардың тамағын дайындап, киімін тігіп, білімдерін де жетілдіріп, үйдегі ата-енеге де қарап, олардың жағдайын жасап отырған. Ол кездегі әйелдің, келіннің, ананың рөлі маңызды, жұмысы ауыр болған. Соған қарамастан ол кісілер асқан батырлық, шыдамдылық, сабырлық танытып, жеңіске бір табан жақындауға жағдай жасаған.

 Жеңіс жолында аянбай еңбек еткен әйелдер қатарына менің анам Шәрия Қырғызбайқызын да жатқызуға болады. Кішкентай балаларының барына қарамастан, таң атқаннан кеш батқанға дейін ұжымшардың қызылшасында жұмыс істеп, жұмыстан кейін үйіне келіп бір дүйім жұртқа тамақ дайындап, балаларының киімін жуып, үтіктеп, үйдің үлкендерінің жағдайын жасап, оларды ұйықтатып, ертеңгі күннің асын дайындап, күн түн демей еңбек еткен. Ол кезде қазіргідей табиғи газ, үйге кіріп тұрған ауыз су болмаған.

Жұмыстан келе жатып жолдан отын жинап, өзеннен су тасып, қолмен оншақты адамның кірін жуып, ошаққа тамақ жасаған. Өзі жатарында күйеуінің амандығы үшін Тәңіріне сыйынып, тілеуін тілеуді де ұмытпаған. Осындай қарапайым әйелдердің орасан зор еңбегі азапты күндердің артта қалып, жеңістің жақындауына себеп болған десек артық емес. Бейбіт күн шығып, ашық аспан астындағы тыныштық өмір басталғаннан кейін де әйелдер еңбек етуін тоқтатқан жоқ. Маңызы бар, жүгі ауыр жұмыстарды атқара берді.

Атап айтатын Айта кететін тағы бір жайт, алдағы уақытта аудан, ауыл, көше, мектеп, балабақшаларға әйел азаматтардың аты берілсе, сол арқылы ұрпаққа ұлағат болса деген тілегім бар. Оған қоса, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, елім дейтін азамат етіп өсіру үшін әр мектепте өткен ғасырда еңбек еткен апа-әжелерге арналған бұрыштар болса, ол кісілерге деген құрмет, әруақтарына деген тағзым және ол сол мектепте оқитын ұрпақтары үшін мақтаныш болар еді.

 

Москау НОҚРАБЕКОВ,

 ардагер журналист

Ұқсас жаңалықтар