
Басқосу барасында Тараз қаласы әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Алтаев жылыту кезеңінің өту барысына кеңінен тоқталды.
– Шаһардағы отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеп, жылу көздерінде температуралық кесте сақталуда. «QAZAQGAZ AIMAQ» кәсіпорнымен жасалған келісім-шарттарға сай жылу өндіруші кәсіпорындарға табиғи газ тұрақты жеткізілуде. Жалпы, ағымдағы жылы жылу желілерін қайта жаңғыртудан өткізу және кеңейту бойынша 3 жоба республикалық бюджеттен қолдау тауып отыр. Атап айтсақ, биыл «Тараз қаласының Жамбыл даңғылы, Қонаев, Сейфуллин көшелері бойындағы ТК 301-ден ТК-308-ге дейін «М-3» жылу магистралын реконструкциялау», «Тараз қаласы «Ұлы дала» (15) шағын ауданындағы магистралдық және орамішілік жылумен жабдықтаудың инженерлік желілерін кеңейту» және «Сыпатай батыр, Төле би және Тұрысов көшелері бойындағы М-1 жылу магистралын қайта жаңғырту» жобалары жүзеге асырылады, – деген Ғабит Серғазыұлы ауа райы болжамына сәйкес температураның бірқалыпты тұрақталуына байланысты жылыту маусымын сәуір айының 14 күні аяқтауды ұсынды.
Бұдан кейін «Таразэнергоорталық» мекемесінің бас инженері Әбутәліп Серікбаев пен «ТаразТрансЭнерго» мекемесінің директоры Арман Бектібаев та күн тәртібіндегі мәселе жөнінде баяндама жасады. Шаһар басшысы өз кезегінде келесі жылыту маусымына дайындыққа қазірден бастап кірісу керектігін айтты.
– Шын мәнінде биыл жылыту маусымы қалыпты өткенімен, кемшіліктер де кездескенін жоққа шығара алмаймыз. Тұрғындар тарапынан да біршама арыз-шағымдар түсті. Сондықтан келесі жылыту маусымының дайындығын осы бастан қолға алу қажет. Ең әуелі емхана, мектеп секілді әлеуметтік нысандардың жылу желілеріне баса назар аударылуы тиіс. Сондай-ақ, жатақханалардың жағдайы да назардан тыс қалмауы қажет. Сол себепті жылыту маусымы аяқталғаннан кейін орын алған әрбір кемшілік бойынша тиісті сараптама жүргізіліп, кешенді жоспар түзілгені жөн. Әсіресе, биыл жылу құбырларын жаңғырту бойынша үш жобаны қолға алғалы отырмыз. Осы құрылыс жұмыстары тұрғындарға ешқандай қолайсыздық тудырмауы керек, – деген Бақытжан Әмірбекұлы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын қорытындысы бойынша облыс орталығында жылыту маусымын қала әкімінің тиісті өкімімен 14-сәуір күні, сағат 00:00-ден бастап аяқтау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар гидравликалық тығыздау жұмыстарына орай Тараз қаласында 14-сәуірден 14-мамырға дейін, яғни 1 ай мерзімге ыстық су беру уақытша өшіріледі.
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мегажобалар жүзеге асса, мыңнан астам жұмыс орны құрылады
- 12 сәуір, 2025
Күре жолдың бойын тазалауға күш саламыз
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді