
Партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Уалихан Болатбектің айтуынша, өңірде биылдан бастап тазалық акциясының тұжырымдамасы өзгертіліп, жаңаша бағытта қарқын алып отыр.
«Оған сәйкес, аудан, қала аралық күре жолдардың бойлары тазартылатын болады. Мәселен, өткен аптада облыстық және Байзақ аудандық филиалының қызметкерлері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Қызыл Жұлдыз және Қостөбе ауылдарының аралығында күре жолдың бойын күл-қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға атсалысқан еді. Осылайша, Байзақ аудандық филиалы челленджді Жамбыл ауданына жолдаған болатын. Енді міне, бүгін Жамбыл ауданы бұл бастамаға қолдау білдіріп, «Тараз-Аса аралығындағы облыстық мәндегі 3 километр күре жолдың бойын тазалады», – дейді ол.
Сөйтіп экологиялық акция аясындағы тазалық челленджін Байзақ ауданынан қабылдап алған жамбылдықтар Тараз-Аса аралығындағы күре жолдың бойын тазартып тастады. Бұл іс-шараға партия облыстық филиалы және Жамбыл аудандық филиалының қызметкелері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері атсалысты.
– Жамбыл ауданы облыс орталығы Тараз қаласына ең жақын орналасқан аудандардың бірі. Сондықтан аудан мен қала арасында көлік ағыны бір сәтке болсын толастаған емес. Соның салдарынан күре жолдың бойына қоқыстар жиналып қалып жатады. Әрі бұл күре жол облыстық мәнге ие. Ауданға келген қонақтардың көзіне ең алдымен көзге түсетіні де жол бойы. Қай елдімекен болмасын жолының айналасы таза болуы тиіс. Осы орайда, аталған партияның облыстық филиалы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында күре жолдардың бойын тазартуға баса мән беріп отырмыз, – дейді партия облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Уалихан Болатбек.
Осылайша, 100-ге жуық аманаттықтар 3 километрге жуық жол бойын тазартып қана қоймай, қураған тал-дарақтарды ретке келтірді. Ол іс-шараға белсенді атсалысқан партия Жамбыл аудандық филиалы тазалық шарасын Жуалы ауданына жолдады.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Таразда ыстық су уақытша өшіріледі
- 12 сәуір, 2025
Мегажобалар жүзеге асса, мыңнан астам жұмыс орны құрылады
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді