Еліміздің 1100 мектебінде дрондарды басқаруға үйретеді
- author «Ақ жол»
- 10 сәуір, 2025
- 1.0k
Оқу - ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл үйірмелерде оқушылар дрондарды құрастыру мен бағдарламалау дағдыларын меңгеріп, техникалық ойлау қабілетін, инженерлік машықтарын және практикалық дағдыларын дамытады.
Мұндай үйірмелерге қатысатын оқушылар робототехника бойынша түрлі жарыстарға белсене қатысуда. Жуырда ұлттық Aspan Drone Competition турнирінің жеңімпаздары Қазақстан намысын халықаралық деңгейде қорғайтын болады.
Сонымен қатар еліміз бойынша 24 жас техниктер станциясы мен техникалық шығармашылық орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарда балалардың инженерлік және өнертапқыштық қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Ал биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие жаңа мамандық – дрон операторы бойынша мамандарды даярлау ісі басталады.
Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің елді мекендері 100 пайыз ауыз сумен қамтылды ма?
- 15 қаңтар, 2026
Биыл 1795 тұрғын баспаналы болмақ
- 15 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




