
«Тараз-Профсоюз-Турист» экскурсоводы Жанат Өсербаеваның айтуынша, екі күнге созылған саяхатқа 10-ға жуық колледжден барлығы 38 мұғалім тартылған.
«Сапар барысында кәсіподақ мүшелері Ташкент қаласының тарихи орындарын аралады. Ең әуелі Ташкенттегі Төле би бабамыздың мазарына соғып, баба рухына тағзым етіп, Құран бағыштадық. Сонымен қатар, Әмір Темір атындағы музейде болған ұстаздар қауымы керемет әсерге бөленді. Бұдан бөлек биіктігі 371 метрді құрайтын телемұнараға, Жұлдыздар әлемі музейі мен Ташкент сити ғимараттарының сән сәулетімен танысты», – дейді ол.
Келесі күні кәсіподақ мүшелерінің сапары Самарқанда жалғасын тапқан. Туристер тарихи қаламен кеңірек танысуға мүмкіндік алды. Әмір Темір кесенесі, Реигистан алаңы жолсапар мен Шахи-зинда кесенесін тамашалау барысында ерекше әсерге бөленді. Көне қаланың бұдан басқа да сән-сәулеті көпшілікті ғажап көрінісімен баурап алған еді. Өз әсерімен бөліскен Сарымолдаев атындағы арнайы орталық кәсіподақ ұйымының төрағасы Айнаш Керімбаева Өзбек еліндегі сапардан ерекше әсермен оралғанын айтты.
– Бұл сапар менің есімде ұзақ сақталатын болды. Өйткені, көптен бері Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент пен тарихы терең Самарқант қаласын көргім келіп жүрген. Ол арманым білім қызметкерлері кәсіподағының біріккен комитеті облыстық филиалы арқасында орындалды. Бауырлас өзбек халқының астанасы Ташкент пен Самарқант қалалары менің ғана емес, барлығымыздың жүрегімізді баурап алды, – дейді Айнаш Керімбаева.
Диас МАРАТҰЛЫ,
журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді